• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Сәуір, 04:15:55
Алматы
+35°

06 Наурыз, 2024 Барлық аймақтар

Саясат Нұрбек: Сейсмология институтына 3,5 млрд теңге грант бөлдік

Мәжілістің жалпы отырысында ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Сейсмология институтын өзі басқарып отырған ведомствоға қайтару мүмкіндігі туралы сұраққа жауап берді.

фото: Ғылым және Білім министрлігі

Парламент мәжілісінің депутаты Бақытжан Базарбек Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекке:

– Дүйсенбі күні Алматыда жер сілкінді. Жақында Сейсмология институтының ғылыми қызметкерлерімен кездестім. Іс жүзінде аталған институт қызметкерлері бейшараның күнін кешіп отыр. Ешқандай ғылыми жобалары қабылданбаған. Жобаларын министрлікке жолдаса да, оларды кері қайтарып жатыр, яғни қаржыландыруды қысқартып тастаған. Қазір Сейсмология институты Төтенше жағдайлар министрлігінің қарамағында. Сейсмолог ғалымдар институтты Ғылым министрлігіне қайтару керек екенін айтып отыр. Осыған не айтасыз?, – деген сауал тастады.

Саясат Нұрбек кезінде бірқатар институт салалық министрліктердің құрамына берілгенін растай отырып, ұсынысты құптайтынын жеткізді.

– Сейсмология институты да Төтенше жағдайлар министрлігінде. Оларда қазір толыққанды қаржыландыру болмағаны өкінішті. Сонымен қатар, біздің министрлік те олардың ішкі процедураларын қолдай алмайды. Сондықтан аталған институт бізге қайтарылса, қарсы болмаймыз. Бірақ биыл қомақты грантты Сейсмология институтына бөліп отырмыз, яғни 3,5 млрд теңге сомасында. Қазір олардың барлық өтінімін пысықтап, Үкімет жанындағы комиссияның қарауына шығарып отырмыз», – деп жауап берді министр.  

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір